2022 жылғы 15 сәуірге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, ертең, жұма, 2022 жылғы 15 сәуірде Қазақстанның жеті облысында дауылды ескерту жарияланды.

15 сәуірде түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында екпіні 16 м/с күтіледі.

Алматы облысында ылымықтын әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыз болуына және жауын-шашынның күтілуіне байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында (2500 метр биіктігінен жоғары) 14-18 cәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады. Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды.

Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Қызылорда облысының батысында найзағай күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Добавить комментарий