Қазақстанда 9-10 қаңтар аралығында COVID-19-дың (КВИ +) және коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 2230 жағдайы тіркелді, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
«2020 жылдың 13 наурызы мен 2022 жылдың 10 қаңтары аралығында КВИ+: ауруға шалдығу – 999 654 (өткен тәулікте 2216), өлім-жітім — 13 057 (9 қаңтарда екі); 2020 жылғы 10 наурыздан бастап 9 қаңтарға дейін — 84 334 жағдай (9 қаңтарда 14), өлім-жітім — 5229 (9 қаңтарда тіркелмеді)», — делінген сейсенбіде таратылған хабарламада.
10 қаңтардағы мәлімет бойынша, 23 725 адам коронавирус инфекциясынан (–21 884 + және 1 841 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 3 139 пациент стационарда, 20 586 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
«КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 188 адамның жағдайы ауыр, 67 пациенттің жағдайы өте ауыр, 47 науқас ӨЖЖ (өкпені жасанды желдету– КазТАГ) аппаратында жатыр», — делінген хабарламада.
Қазақстанда COVID-19-дан 964 713 адам жазылып шықты.
Коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 018 784 адам алды, екінші компонентті — 8 556 465 адам алды.