Рубль бағамына не болады? Ресейліктерді не күтіп тұр? Бұл сұрақтар кез келген ресейлік азаматты алаңдатады. Ресейде баға көбінесе рубльдің долларға шаққандағы бағамына байланысты. Іс жүзінде әрбір тауар немесе қызметте валюталық құраушы бар. Рубльдің долларға қатысты құнсыздануы инфляцияға және әрбір ресейліктің өмір сүру деңгейінің жалпы төмендеуіне әкеледі. Осылайша, инфляция, қосымша ақша эмиссиясы, сондай-ақ осының аясында девальвация Ресей рублінің болашағы туралы сөз қозғағанда маңызды факторлардың бірі деп санауға болады.
Ресей үкіметі рубль тұрақты болады және азаматтардың алаңдауына ешқандай себеп жоқ деп сендірген болатын. Алайда, қазіргі таңда басқаша жағдайды байқап отырмыз.
Ресей Орталық банкі бұрыңғыдан да көп ақша басып шығаруда. Бұл нені білдіреді? Ресей Федерациясы кепілдендірілмеген ақшаны көбірек басып шығара бастағандықтан, нарық заңы бойынша рубль девальвацияға ұшырайды. Осылайша, рубльдің дамыған елдердің валюталарына (АҚШ доллары және еуро сияқты) қатысты бағамы төмендейді. Тиісінше, мұндай жағдай инфляцияның өсу қарқынын ұлғайтуға және ресей валютасының құнсыздана бастауына елеулі әсер етуі мүмкін.
Ресми дереккөздердегі нақты сандарға көз жүгіртіп өтейік. 2020 жылдың соңында РФ Орталық банкі банк жүйесіне 817 млрд рубль қосымша несие берді. Банктер өз кезегінде федералдық займ облигацияларын сатып алуға 4.1 триллион рубль бөлді, осылайша ЖІӨ-нің 4,5% мөлшеріндегі федералдық қазынадағы «тесікті» жабады.
Демек, Орталық банктің ақшасымен бюджет тапшылығының 20%-ы қаржыландырылды. 2021 жылы ОБ банктерге тағы 306 млрд рубль берді.
2021 жылы Ресей қаржы министрлігі бюджетке 18,76 трлн рубль кіріс салды, ал шығын 21,52 трлн болды. 2,75 трлн рубльге тең дефицитті тек қарыз есебінен жабу жоспарланып отыр.
Федералдық қарыз облигацияларын орналастырудың мұндай жоспары сәтсіз болып көрінеді. Себебі инфляция жеделдеп, санкциялық тәуекелдер артып келеді. Қаржы министрлігі ақпан айының ортасына қарай бірінші тоқсанға жоспарланған триллионнан 120 млрд рубль ғана қарыз алды.
Жоғарыда аталған деректерге сәйкес мынадай схема алынады: 1. Мемлекет ақшаны басып шығарады 2. Ақша сыртқы нарықта орналастырылатын облигацияларды сатып алатын мемлекеттік банктерге қарызға беріледі, жалпақ тілмен айтқанда, ресейлік мемлекеттік қарызды сатып алады 3. Содан кейін облигациялар қайта салынады және осы шеңбер бойынша жүреді.
Шын мәнінде, бұл ақша массасын көтеру, РФ-да байқалып отырған инфляциялық тәуекелдерді ескере отырып, өте орынсыз болуы мүмкін. Егер ресми мәліметтерге қарайтын болсақ, 2021 жылғы ақпанда баға өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе жылдам өсті (0,3%-дан 0,6%-ға), ал жылдық инфляция 5,6%-ға жетіп, 2016 жылғы қарашадан бастап рекордты жаңартты.
Бірінші бөліктің соңы