Қазақстанда қызмет көрсету саласында және экономиканың нақты секторында өндіріс көлемінің белсенді өскені байқалады.
Қаңтар-қараша айларында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,8%-ға дейін жеделдеді, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев үкімет отырысында.
«Осы есепті кезеңде негізгі трендтер бойынша қызмет көрсету секторындағы өсімнің жылдамдауы, нақты сектордағы өсу қарқынының тұрақтылығы, экспорттың жоғары көрсеткіштері арқасында сауда балансының нығаюы, өндіруші емес секторлардағы жоғары инвестициялық белсенділік байқалып отыр», — деп атап өтті министр.
Нақты сектордағы өсім 2,9% құрады. Қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 3,9%-ға дейін өсті. Салалар арасында ақпарат және байланыс, сауда, сумен жабдықтау, құрылыс, электрмен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі жоғары өсім көрсетті.