2021 жылы қазақстандықтарға 42 500 теңге төленбейді

Еңбек министрлігі алдағы жылы Қазақстан 42 500 теңге төлемейтінін мәлімдеді. Коронавирустық инфекцияның теріс салдарын болдырмас үшін, оның алдын алуға мүмкіндік беретін шаралар жоспары қабылданды деп хабарлады.

ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында депутаттар «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын қарады. Бұл ретте, сенаторлар ағымдағы жылғы жағдай қайталанса, қазақстандық азаматтарға қолдау қалай көрсетілетіндігі, 42 500 теңге төлейтін-төлемейтіндігі туралы мәселеге көтерді.

Бұл мәселені депутат Алтынбек Нухұлы қозғады. Ол пандемия кезінде 4,6 млн адам мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 476 млрд теңге көлемінде қаржылай көмек алғанын еске салды. Бұл ақша пандемия кезінде жұмысынан айырылғандарды қолдау үшін бөлінді. Сонымен қатар, бүгінгі қалыптасқан жағдайға алаңдамауға тағы болмайды.

Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтері бойынша, елімізде күнделікті ауру жұқтырғандардың саны күрт артып, орта есеппен 600 адамды құрады. Бұл алаңдатарлық жағдай. Егер 2021 жылы коронавирус жағдайы тұрақтанбаса, жұмысты уақытша тоқтатқан және табысынан айырылған азаматтарды қолдау тетіктері қандай болады? Бұл мақсатқа қарастырылып отырған заң жобасында қаражат қарастырылмаған, — деді ол.

Сенатор бейінді ведомство басшысына 42 500 теңге көлеміндегі біржолғы әлеуметтік жәрдемақының мөлшерін ескере отырып, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының мүмкіндіктері қандай жағдайда екенін айтып беруді сұрады.

Өз кезегінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Ұлттық банкпен және Қаржылық бақылау агенттігімен бірге ведомствода теріс салдарды болдырмау үшін бірлескен іс-шаралар жоспары бар болғандықтан, ақша қарастырылмағанын айтты. Ол пандемияға байланысты ел Президенті «жағдайды ұстап тұру үшін қатаң шаралар қабылдауды» тапсырғанын атап өтті.

Заң бойынша мемлекеттік сақтандыру қорынан 5 әлеуметтік төлем қарастырылған. Пандемия кезінде қор әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысты: Ауруға шалдыққандарға 476 млрд теңге қарастырылып, ауру жұқтырған денсаулық сақтау қызметкерлеріне 20,5 млрд теңге төленді. Бұл шығындар қорға түсетін жарналардан 3 есе көп болды. Қазір 1,3 трлн теңгенің активтері бар, қаржы жағдайын бағалау бойынша қор 2039 жылға дейін тұрақты болады, — деп түйіндеді министр.

Добавить комментарий