Биыл Қазақстанға салынған шетелдік инвестициялар көлемі 12%-ға артты. Деректер 2021 жылдың үш тоқсанында жиналған. Әңгіме елдің қаржы секторын инвестициялау туралы болып отыр.
ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Экономиканың белсенді қалпына келуі аясында тікелей шетелдік инвестициялар ағынының өсуі байқалады. Мәселен, 2021 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша ҚР экономикасына салынған ТШИ көлемі 30,4%-ға ұлғайды және $11,1 млрд құрады. Биылғы жылдың 10 айында қаржы секторына салынған инвестициялар көлемі 12,1%-ға өсті».
Министрлер кабинетінің хабарлауынша, 10 айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 3,5%-ға дейін жеделдеді.
«Қалпына келудің неғұрлым жоғары қарқынына құрылыста (+7,6%), өңдеу өнеркәсібінде (+5,3%) және қызмет көрсету саласында (+3,4%) қол жеткізілді», — деп хабарлады үкіметтегілер.