2021 жылдың 10 қаңтарында Қырғызстанда кезектен тыс президент сайлауы өтуі тиіс

ОСК шешімімен мерзімінен бұрын президент сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұржан Шайлдабекованың айтуынша, заң бойынша, егер Жоғары Кеңес мемлекет басшысының өкілеттігі тоқталығаннан кейін бір апта ішінде кезектен тыс президенттік сайлауды белгілейтін болса, онда келесі күні сайлау ресми тағайындалған болып есептеледі.

«Осыдан кейін сайлау комиссиясы екі күн ішінде сайлау өткізу күнін ресми түрде жариялайды. Заңнамада мемлекет басшысының өкілеттігі тоқтатылғаннан кейін үш ай мерзім ішінде — 2021 жылдың 16 қаңтарына дейін жүргізілуі тиіс деп көрсетілген», — деді Нұржан Шайлдабекова.

Ол атап өткендей, сайлау әдетте демалыс күні өтеді, 10 қаңтарды белгілеу ұсынылады. ОСК мүшелері ұсынысты қолдады.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков 15 қазанда отставкаға кетті. Жогорку Кенештің спикері Қанат Исаев мемлекет басшысының міндетін атқарудан бас тартты, сондықтан өкілеттілік премьер-министр Садыр Жапаровқа өтті.

Добавить комментарий