Синоптиктер ертең, 2021 жылғы 23 наурызда Қазақстанда қандай ауа райы күтілетінін айтты.
Оңтүстік циклонның өтуімен республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашын, орталықта және солтүстікте қатты жауын-шашын күтіледі.
Республиканың солтүстік-батысында антициклонның әсерінен ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын, жел күшейеді, оңтүстікте найзағай ойнайды деп күтіледі.
Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, тұман түсіп, жел 15-20 жылдамдықпен соғады, екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.
Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды, тұман түседі, жел 15-20 жылдамдықпен соғады, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.
Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 жылдамдықпен соғады, Ақмола облысында екпіні 23 м/с күшейеді, Қарағанды облысында екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Алматы облысында күндіз кей жерлерде жел 18-23 м/с күшейеді, Жаланашкөл ауданында екпіні 28 м/с күшейеді.
Қызылорда облысында кей жерлерде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде кей жерлерде көктайғақ болады.
Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, Павлодар облысында жаяу бұрқасын болады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Алматыда ауа райы: күндіз 14°С, бұлтты болады.
Нұр-Сұлтанда: күндіз -4°С, бұлтты болады.