2020 жылы Қазақстаннан шамамен 16 мың маман кетті

Хабарланғандай, 2020 жылы шекара жабық болғанына қарамастан Қазақстаннан 29,1 мың адам шетел асын кетті — бұл 2019 жылмен салыстырғанда 35,6%-ға аз. Бұл ретте 2014-2019 жылдар аралығында елден кеткендердің саны тұрақты түрде артқан еді. Өткен жылы елімізден кеткендердің көбі техникалық мамандық иелері, экономистер мен мұғалімдер.

Сонымен қатар, елге келгендер саны азайды, 2020 жылы барлығы 11,4 мың адам келген — өткен жылмен салыстырғанда 6,6%-ға аз.

2020 жылы елден 15,6 мың маман кетті. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда үштен бір есеге аз, келгендер саны — 4,4 мың адам, ал 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 7% аз.

Карантиндік 2020 жылдың өзінде Қазақстаннан кеткен адамдар, елге келген мамандығы бар халық санынан 3,5 есеге асып түсті. 2019 жылғы «дағдарысқа дейінгі» кезеңде ҚР-дан кеткен мамандар келгендерге қарағанда бірден 5 есе көп болды.

2020 жылы Қазақстаннан кеткен мамандардың көбі техникалық мамандық бойынша жұмыс істеді (4,5 мың адам), одан кейін экономистер (2,3 мың адам) және педагогтар (1,5 мың адам).

2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында елге «техникалық мамандар» (834 адам) және экономисттер (431 адам) 5,4 есе және 4 есе аз педагогтар (366 адам) келді. Кеткендер мен келгендер арасындағы айтарлықтай айырмашылық заңгер (4,7 есе) және сәулетші-құрылысшы (4,4 есе) сияқты мамандықтар бойынша да байқалды.

Өңірлік бөліністе мамандардың ең көп кетуі Қарағанды облысында байқалды: 2,3 мың адам, ал өңірге келген білікті кадрлар 13,4 есе аз келді. Шығыс Қазақстан (2 мың адам) және Қостанай (2 мың адам) облыстарынан білікті мамандар белсенді түрде кетіп жатыр.

Айта кету керек, ҚР-ның үш өңірінде жағдай керісінше, яғни келген мамандар саны кеткендер санынан асып түседі: Маңғыстау облысында (6,5 есе), сондай-ақ Шымкент және Түркістан облысында (2 есеге жуық).

Добавить комментарий