2020 жылы Қазақстанда жол битумының рекордтық көлемі өндірілді

Түркістан облысына жұмыс сапары барысында ҚР энергетика министрі Нұрлан Ноғаев жол битумын дайындаумен айналысатын кәсіпорынның өндірістік үдерісімен танысты, деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Газпромнефть-Битум Қазақстан» кәсіпорны 7 жыл бойы мұнай жол битумын дайындаумен айналысып келеді. Өндіріс қуаттылығы тәулігіне 1000 тоннаға дейін жетеді. Өндірістік алаңда сапасы ресейлік және қазақстандық стандарттарға сәйкес келетін базалық битум — БНД 60/90 және 70/100 маркалары шығарылады. Дайын өнімді тиеп жөнелту құю арқылы, сондай-ақ өлшеп оралған түрде — металл бөшкелерде жүзеге асырылады. «Газпромнефт» битумын қолдану арқылы Оңтүстік Қазақстан жолдарының үштен бір бөлігі, соның ішінде «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» трансқұрлықтық дәлізі — ірі жол жобасының автомобиль жолдары салынды», — делінген хабарламада.

Баспасөз қызметі Нұрлан Ноғаев кәсіпорынның өндірістік үдерісімен танысты деп толықтырды. Кәсіпорын басшылығымен әңгімелесу барысында министр 2014- 2020 жылдар аралығында битумға қажеттілік 400 мың тоннадан 984 мың тоннаға дейін өскенін, бұл Қазақстан тарихындағы рекордтық көлем болып табылатынын атап өтті.

Бүгінгі таңда Қазақстанда жол битумын шығаратын 4 зауыт — «CaspiBitum» БК «ЖШС, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «Газпромнефть-Битум Қазақстан» ЖШС және «Асфальтбетон 1» ЖШС жұмыс істейді, олардың жиынтық қуаттылығы жылына 1,0 млн. тоннаны құрайды. Отандық зауыттардың өндірістік қуаттары битумға жоспарлы қажеттілікті толық көлемде қамтамасыз етуге қабілетті.

2020 жылға арналған битум өндірісінің графигі 983,8 мың тонна деңгейде бекітілген, оның ішінде 524,4 мың тонна республикалық, ал 459,5 мың тонна жергілікті маңызы бар жол құрылысына арналған.

Добавить комментарий