2020 жылдың басынан бері тыйым салынған заттарды өткізгені үшін сегіз түрме қызметкері жұмыстан шығарылды

Брифингте ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов жыл басынан бері тыйым салынған заттарды өткізгені және алып жүргені үшін 8 колония қызметкерлері ұсталғанын хабарлады.

Ешмағамбетовтың мәліметінше, тыйым салынған заттарды өткізудің бірнеше жолы бар: бұлар бөгеттер арқылы лақтыру, азық-түлік сәлемдемелері, бандерольдер арқылы немесе ұзақ кездесулер ұйымдастыру кезінде туыстары арқылы беру әрекеттері.

«Біздің қызметкерлеріміздің де осы келеңсіз құбылысқа қатысы жағдайлары болғанын мойындауымыз керек. Жыл басынан бері жеке қауіпсіздік бөлімшесі сегіз қызметкерді ұстады. Олардың барлығы теріс себептермен жұмыстан шығарылды», — деді ол.

Ешмағамбетов тыйым салынған заттарды алып өтуді болдырмау үшін тексеру топтары күшейтілгенін, техникалық құралдар пайдаланылатынын, мекемелерді патрульдеу және қарауыл мұнараларынан бақылау ұйымдастырылғанын мәлімдеді.

Жалпы, оның айтуынша, жыл басынан бері мекемелер аумағына тыйым салынған заттарды берудің 400-ден астам жағдайының алдын алды; 600-ге жуық ұялы телефон, шамамен 8 кг есірткі және 100 литр спирттік ішімдіктер тәркіленді

Добавить комментарий