Нұрлан Нығматулин ОСК-ға Қазақстан Мәжілісінің төрағасы қызметінен кету және депутаттық өкілеттігін тоқтату туралы өтініш берді.
«Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулиннің өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін», — делінген ОСК сайтында.
Нұрлан Нығматулинның мәжіліс депутаты өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс мәжіліске енгізіледі.
Нұрлан Нығматулин 2021 жылғы 15 қаңтарда Жетінші шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы болып сайланды. Бұған дейін ол ҚР Парламенті мәжілісінің бесінші (01.2012-04.2014) және алтыншы (22.06.2016) шақырылымның төрағасы болған.