Аустралияда карантиндік орталықтан 200 адам COVID-19 тестінен өту үшін қан тапсырды. Кейін үкімет қан алуға арналған құрылғылардың қайта пайдаланылғанын және адамдар АИТВ жұқтыруы мүмкін екенін мойындады.
Австралиядағы карантиндік орталықтардың 200-ден астам бұрынғы тұрғындары билік бірнеше пациенттерге бірдей қан тестілеу құралдарын қолданғанын мойындағаннан кейін қан арқылы берілетін ауруларға, оның ішінде АИТВ-ға тестілеуден өтуге шақырды.
Дүйсенбі күні Safer Care Victoria денсаулық сақтау агенттігі АИТВ жұқтырған болуы мүмкін 243 адаммен КВИ тестін тапсырған соң байланыста болғанын хабарлады.
«Клиникалық жұқтыру қаупі аз. Алайда сенімділік үшін құпия тестілеуге қол жеткізу ұйымдастырылады», — делінген Safer Care Victoria мәлімдемесінде.
Викторияда 20 000-нан астам КВИ жұқтыру жағдайы орын алды, соның ішінде 800-ден астам өлім жағдайы орын алды, сол себепті штат Аустралияда COVID-19 таралуының ошағына айналды.
Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, елде 27 400-ден астам ауру жағдайы мен 905 өлім тіркелген. Австралия наурыз айында шекарасын жапты, және барлық елге оралған саяхатшылар мемлекеттік карантиндік мекемеде екі апта өткізу үшін 3 000 австралиялық доллар (900 мың теңге) төлеуі тиіс.
Содан бері бірнеше ай ішінде мыңдаған саяхатшы Аустралияның карантиндік қонақ үйлерінен өтті, бірақ олардың барлығына қандағы глюкоза деңгейін талдау қажет болған жоқ.
Қан тамшысын алу үшін саусақты шаншу қажет бұл құрылғылар диабеті бар адамдарда қандағы глюкоза деңгейін анықтау үшін пайдаланылады, бірақ сондай-ақ жүкті әйелдер, есінен танғандар немесе жалпы өзін нашар сезінетін адамдар үшін де пайдаланады.