«Қазгидромет» 2022 жылғы 16 наурызда елімізде ауа райы қандай болатынын хабарлады.
Синоптиктер Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман басады деп отыр. Күндіз облыстың солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан, күндіз солтүстіктан, солтүстік-шығыстан 20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
16 наурызда Оралда жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Қызылорда облысының орталығында тұман түсіп, облыс орталығы мен оңтүстігінде күндіз көктайғақ болады. Облыс орталығында солтүстік-шығыстан, күндіз шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қызылордада солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 20 м/с жетеді.
Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман басады, күндіз найзағай ойнайды. Облыстың батысында және таулы аудандарда солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Синоптиктер күндіз Шымкентте күн күркірейді деп отыр. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 20 м/с жетуі мүмкін.
16 наурызда Түркістанда таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында — жаяу бұрқасые соғады. Облыстың солтүстік-батысында шығыстан, оңтүстік шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ақтөбеде — жаяу бұрқасын соғады.