16 адам сушиден уланды

Атырау облысында сушиден жаппай улану тіркелді. Ауруханаға жатқызылған науқастардың барлығы түскі асты бір мекемеге тапсырыс берген.

Кеше аудандық ауруханаға уланған 10 адам, бүгін алты адам жеткізілді. Олардың барлығы уланар алдында бір мекемеден сушиге тапсырыс берген.

Атырау облысының Құлсары қаласында жаппай улану жағдайы болды. Орталық аудандық ауруханаға 16 жергілікті тұрғындар диарея, жүрек айну және құсуға шағымымен түсті. Олардың барлығы бір мекемеден сушиге тапсырыс берген, деп жазады жергілікті Ақ жайық басылымы.

Жексенбі, 27 желтоқсанда ауруханаға 10 адам, келесі күні тағы алты адам түсті. Сауалнамадан кейін олардың барлығы 25-27 желтоқсан аралығында қалалық дәмханалардың бірінде сушиге тапсырыс бергені анықталды.

Дәрігерлер науқастардың жай-күйін орташа ауыр деңгейде деп бағалайды. Науқастар әлсіздікке, құсуға, диареяға шағымданады. Бәрінде де жоғары температура байқалады.

Қазіргі уақытта бұл факті бойынша құқық қорғау органдары тексеріс жүргізуде. Атырау облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі өздерінде мұндай мәлімет жоқ деп хабарлады, деп жазады басылым.

Қазақстанның шығысындағы мектеп асханасында 80-ден астам бала уланды

Дәмхананың өзінде тағам әзірлеу мен жеткізу тоқтатылғаны белгілі болды. Сотқа оның қызметін тоқтата тұруға арналған материалдар дайындалуда, деп жазады Ақ жайық.

Добавить комментарий