15 күн тіркеусіз жүріп-тұра алады: РФ мен Өзбекстан келісімге қол қойды

Өзбекстан азаматтары Ресей аумағында он бес күн тіркеусіз жүре алады. Өзбекстанда жүрген Ресей азаматтарына да жоғарыда аталған уақыт аралығында еркін жүре алады.

Ресей Ішкі істер министрлігі әзірлеген Өзбекстан мен Ресей арасындағы келісімді ратификациялау туралы заң жобасына сәйкес, қос елдің азаматтары шекарадан өткеннен кейін 15 күнге дейін орналасқан жері бойынша тіркелмей жүре алады.

Қазіргі уақытта мұндай рұқсатты Беларусь, Қазақстан, Тәжікстан, Армения және Қырғызстан азаматтары пайдалануда.

Ресейл мен Өзбекстан азаматтарының Ресейде болуы туралы екі елдің үкіметтері арасында келісімге 21 мамырда Мәскеуде және 17 маусымда Ташкентте қол қойылған.

«Аталған келісімді жүзеге асыру Ресей мен Өзбекстан арасындағы достық қарым-қатынасты әрі дамытуға септігін тигізеді», — делінген құжатта.

Бұған дейін Ресей елге кіруге тыйым салынған 158 мың өзбекстандыққа «миграция рақымшылығын» жасайды деп хабарланған болатын. Ресей билігі елде жұмыс күшінің тапшылығы байқалған соң, мыңдаған өзбек құрылысшыларын жұмысқа тартуға шешім қабылдады.

Добавить комментарий