14 қазанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді деп жоспарлануда

Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы ағымдағы жылдың 14 қазанында ЖЕЭК отырысы өтетінін айтты.

Беларусь Республикасының бастамасы бойынша 14 қазанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен бейнебайланыс режимінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) отырысы өтеді, — деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Ол мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ жұмысының өзекті мәселелері және ЕАЭК-ке мүше елдердің экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамытуды талқылайтынын атап өтті.

Добавить комментарий