13 қаңтардағы сауда-саттықта доллар аздап төмендеді

Қазақстандық қор биржасы (KASE) хабарлағандай, доллардың орташа сараланған бағамы 0,22 теңгеге төмендеп, 462,29 теңге болды.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 68,57 теңгені (+ 0,18) құрады.

Еуро бойынша сауда-саттық жүргізілген жоқ. Рубль бойынша сауда-саттық аяқталмады. Еуро бағамын Ұлттық банк 497,92 теңге, рубль — 6,83 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау пункттерінде доллар 461,5-465 теңгеден, еуро 499-504 теңгеден, Ресей рублі 6,7-6,9 теңгеден саудаланды.

Добавить комментарий