13 ақпанда доллар бағасы көтерілді

Қазақстанда 2023 жылғы 13 ақпандағы сауда-саттық барысында АҚШ доллары бағасы қымбаттады. Бұған дейін бағамның ұзақ уақыт арзандауы себеп болды.

Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлағандай, сағат 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,61 теңгеге көтеріліп, 452,42 теңге болды.

Қытай юанының орташа сараланған бағамы төмендеп, 66,02 теңге (-0,06) болды.

Еуро және рубль бойынша сауда-саттық жүргізілген жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 482,57 теңге, рубль — 6,19 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау пункттерінде доллар 453,5-457 теңгеден, еуро 483,5-488 теңгеден, Ресей рублі 6,1-6,35 теңгеден саудаланды.

13 ақпанда сауда-саттық барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеді.

Лондонның ICE (InterContinental Exchange Futures) биржасында Brent маркалы мұнай баррелінің құны 0,94 долларға төмендеп, 85,45 долларды құрады.

Нью-Йорк биржасында NYMEX (New York Merchantile Exchange) WTI маркалы мұнай барреліне 0,92 долларға арзандап, 78,8 доллар болды.

Добавить комментарий