Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня
               Қазақстан және Алматының басты жаңалықтары
  • Құпиялылық саясаты
  • oqu.news компаниясы туралы

Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня

  • Маңызды
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Экономика
  • Қоғам
  • Саясат
  • Пікірлер
  • Арнайы жобалар
  • COVID-19
RU

«100 нақты қадам» Ұлт жоспары: Үкімет отырысы өтті

26 марта 12:19 / Опубликовано в Саясат

Үкімет отырысында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру кезеңдері қаралды

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің қатысуымен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті.

«ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауының орындалу барысы қаралды.

Атқарылып жатқан жұмыстар туралы ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, мәдениет және спорт вице-министрі Ғабидолла Әбдірахымов және басқа да жауапты тұлғалар баяндады.

Қазіргі таңда Ұлт жоспарының 100 қадамының ішінде 72 қадамы жүзеге асырылды:

  • «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» бағыты бойынша — 15 қадамның 13-і;
  • «Заң үстемдігін қамтамасыз ету» бағыты бойынша барлық 19 қадам,
  • «Индустрияландыру және экономикалық өсім» — 50 қадамның 27-сі,
  • «Біртектілік пен бірлік» бағыты бойынша — 6 қадамның 3-і,
  • «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» бағыты бойынша — барлық 10 қадам.

Осы жылы «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» және «Индустрияландыру және экономикалық өсу» бағыттары бойынша 9 қадамды орындау жоспарлануда.

Отырыста бюджеттен тыс қорлардың қызметін қамтитын кеңейтілген бюджетті енгізу, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау және төлеу процестерін цифрландыру, отандық фармацевтиканы дамыту, Әлеуметтік кодекс тұжырымдамасын және Қазақстанның 2050 жылға дейінгі төмен көміртекті даму тұжырымдамасын әзірлеу мәселелері қаралды.

Премьер-Министр Ұлт жоспары мен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық шаралар жоспарын толық және сапалы орындау бойынша белсенді жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Стратегиялық инвесторларды, бірінші кезекте, жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ететін экономиканың басым секторларындағы жаңа ірі жобаларға тарту жөніндегі тармақтарға ерекше назар аударылды.

Поделиться ссылкой:

  • Twitter
  • Facebook

Понравилось это:

Нравится Загрузка...

Похожее

  • Tweet
Tagged under: 100 нақты қадам, Асқар Мамин, Нұрлан Нығматулин, отырыс, Қазақстан, Ұлт жоспары

Читать ещё

ҚР Президенті Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңға қол қою үшін Қазақстан Президентіне жіберілді
Қазақстанда оқытуды дағдыларға меңгеруге көшіру жалғасуда

Добавить комментарий Отменить ответ

соңғы жаңалықтар

  • Қазақстандық мұнайды тиеп жөнелту айлақтарында минасыздандыру жұмыстары жүргізіледі

    Ашық ақпарат көздерінің хабарлауынша, қазақстан...
  • Терроризмді қаржыландырғаны үшін жазалау туралы заңға қол қойылды

    ...
  • Ресей Болгариядағы елшілігін жабу мәселесін қарастыруды жоспарлауда

    РФ билігі Болгариядағы мемлекеттің дипломатиялы...
  • Қазақстан бойынша 2022 жылғы шілдеге арналған ауа райы болжамы

    Қазақстандық синоптиктер шілде айында қазақстан...
  • Киев: Украиналық борш ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне енгізілді

    Украиндықтардың басты ұлттық тағамдарының бірі ...

соңғы жаңалықтар

    [email protected] tel:+7 747 341 6619

    Байзакова 280, Алматы 050000

    • Маңызды
    • Әлем
    • Оқиғалар
    • Экономика
    • Қоғам
    • Саясат
    • Пікірлер
    • Арнайы жобалар
    • COVID-19
    • Құпиялылық саясаты
    • oqu.news компаниясы туралы
    Вверх
    %d такие блоггеры, как: