Атырауда 10 жыл халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды.
Өзбекстанның 35 жастағы азаматы 2011 жылдан бері іздеуде болған.
Атыраулық полицейлер іздеу салынған күдіктіні тұрақты түрде мониторинг жасалатын ҚР ІІМ-нің көші-қон ақпараттық базасы арқылы ақпан айының басында Атырау облысы аумағына келгенін анықтаған, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев.
Айта кетейік, аталған Өзбекстан Республикасының азаматына 2011 жылы Ресей Федерациясының федеральдық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері РФ Қылмыстық кодексінің 322-бабы 1-бөлігімен іздеу салған.