10 жыл бас бостандығынан айырылды: алматылық есірткі сатушыға қатысты үкім шығарылды

Алматылық азамат есірткі дайындап, сатты деген айыппен он жылға бас бостандығынан айырылды.

Хабарланғандай, жас жігіт өзінің «жұмыс берушісінің» нұсқаулығымен мефедронды заңсыз дайындап, өлшеп-ораған.

Сот үкімімен ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.

«Медеу соты «А» есімді жас жігітті соттады, ол «Телеграмм»-да «Cesare» «интернет-дүкені арқылы өткізу курьері ретінде жұмысқа қабылдау туралы хабарландыруды көріп, есірткіні жасырын белгілеп қою арқылы елеулі табыс табуға уәде берген «Houston» лақап атты адаммен хабарласқан», — делінген хабарламада.

Прокуратураның мәліметі бойынша, жас жігіт жалдамалы пәтерде аса ірі көлемде мефедрон дайындап, өлшеп-орауды жүзеге асырған. Нәтижесінде оны сот кінәлі деп танып, 10 жылға соттады.

Танымал телеграм-арналарындағы жарнама арқылы жастардың есірткі өткізуі танымалдылыққа ие болуда. Оған себеп, тез байып кетемін деген ойлары. Есірткі диллерлері жастарды, жасөспірімдерді әлеуметтік желілерде жарнама арқылы «тиімді» жұмыс ұсыну арқылы, көбінесе курьерлерлік жұмысты ұсына отырып, жаппай жұмысқа алуда.

Добавить комментарий