Алматы қаласының Медеу, Алмалы және Жетісу аудандарында күндіз суық cу өшіріледі. 10 және 11 наурызда бірқатар ғимараттарда, оның ішінде әлеуметтік нысандар — мектептер мен ауруханаларда бірнеше сағат бойы суық су болмайды. Олар үшін арнайы су автоцистерналармен жеткізіледі.
10 наурыз күні сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін Медеу ауданы Горный гигант шағын ауданы аумағында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға суық су берілмейді.
11 наурыз күні сағат 09:00-ден-16:00-ге дейін Алмалы ауданындағы Мақатаев — Райымбек — Қожамқұлов — Сейфуллин көшелерінің бойында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарды сумен жабдықтау тоқтатылады. Сондай-ақ Жетісу ауданы аумағында Райымбек — 2-Гончарная — Қазыбаев — Лобанский — Ақбаев — Сейфуллин көшелерінің шаршысы.
«Суық сумен жабдықтау қызметтерін шектеу жаңа су құбыры желілеріне қосу үшін жүргізіледі. Су тоқтатылған кезде денсаулық сақтау, білім беру нысандарына және әлеуметтік саладағы өзге де ғимараттарға автоцистерналармен су жеткізіледі. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз. Анықтама телефоны: 274-66-66», — деп хабарлады «Алматы су» МКК баспасөз қызметі.