Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылғы 10 қарашадағы сауда-саттықтың нәтижесін жариялады.
Доллар бағамы бірден 3,69 теңгеге көтеріліп, 469,42 теңге болды.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,63 теңгеге дейін (+0,02) көтерілді.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да өсіп, 64,57 теңге (+ 0,46) болды.
Еуро бойынша сауда-саттық жүргізілген жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 467,72 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау пункттерінде долларды 468-472 теңгеден, еуроны — 466-473 теңгеден, Ресей рублін — 7,15-7,4 теңгеден саудаланып жатыр.
10 қарашадағы сауда-саттықта мұнайдың әлемдік бағасы өзгерген жоқ десе болады.
Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстерінің құны 0,02% өсіп, барреліне 92,67 доллар болды.
WTI маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстері 0,07%-ға арзандап, бір баррель үшін 85,77 долларға жетті.