1 қыркүйекте Қарағанды облысында жаппай егін жинау басталады

Қарағанды облысында биыл бірінші қыркүйекте жаппай егін жинау жұмыстары басталады. Егін жинауға жеке шаруашылықтар кірісті.

«Биыл дәнді дақылдарды жинау алаңы 920 мың га, майлы дақылдар – 58,4 мың га, картоп – 11 507 га және көкөністер – 1 436 га құрайды, астықтың орташа өнімділігі 8,6 ц/га деңгейінде күтілуде, барлық қажетті техника дайын», — деді ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Санаубаров.

Өсімдік өсірушілерге тыңайтқыштардың, тұқымдардың, пестицидтердің құнын, суармалы суды жеткізу шығындарын өтеуге 4,8 млрд теңге субсидия төленді. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары Аграрлық несие корпорациясы арқылы қаржылай көмек алды. Арзандатылған бағамен дизель отыны бөлінді.

Дәнді дақылдарды жаппай жинауды 1–25 қыркүйек аралығында өткізу жоспарлануда.

Картопты жинау 30 қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс.

Оның айтуынша, жем дайындау аяқталуда. Қазірдің өзінде қажетті шөп қорының 90%-ға жуығы бар. Сонымен қатар, пішендеме дайындалды.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тұрақтандыру қорына картоп пен көкөністерді уақытылы жинау және отырғызу жөнінде тапсырма берді.

Добавить комментарий

%d такие блоггеры, как: