1 қазаннан бастап Қазақстанда мемлекеттік сатып алу ережелері өзгерді

Қазақстанның Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесіне енгізілген өзгерістер туралы еске салды. Өзгертуге ҚР Қаржы министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі бұйрығы негіз болды.

Өзгерістердің 426-тармаққа қатысты екендігі хабарланды.

Енді тауарларды жеткізу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау мынадай реттілікпен жүзеге асырылады:

1) жүкқұжаттың түпнұсқасын ұсына отырып, тауарды тауардың межелі пунктіне жеткізу;

2) өнім берушінің тауарды жеткізу фактісін растайтын жүкқұжаттың электрондық көшірмесін қоса бере отырып, веб-портал арқылы тауарды қабылдау-беру актісін ресімдеуі;

3) тапсырыс берушінің тауарды қабылдауы.

4) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жазылған электрондық шот-фактураны ресімдеу;

5) тапсырыс берушінің жеткізілген тауар үшін ақы төлеуі.

Бұл ретте 1 және 2 тармақшаларының талаптары электр және жылу энергиясын беруге байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қолданылмайды.

Бұйрық 2020 жылдың 1 қазанынан бастап қолданысқа енгізілді.

Добавить комментарий