ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес, елімізде Радио күні ресми түрде 1 қазанда атап өтіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі елдегі мерекелер тізіміне толықтырулар енгізу туралы қаулы қабылдады.
Сонымен, мерекелер тізімі келесі тармақпен толықтырылды:
«34-2 тармағы: 1 қазан — Радио күні».
2021 жылғы 13 тамыздағы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнен бастап күшіне енеді.
Еске сала кетейік! 1895 жылы 7 мамырда (25 сәуірде ескі стиль бойынша) ресейлік физик А. С. Попов физика-химия қоғамының отырысында «атмосфералық электр қуатындағы жылдам тербелістерді көрсетуге арналған аспапты» таныстырған.